.RU

1-т а қ ырып жер қҮҚЫҒының ТҮсінігі, ПӘНІ, ЖҮйесі және қАҒидалары

бет1/9Дата09.09.2017өлшемі1.41 Mb. 1 2 3 4 5 6 7 8 9
1-т а қ ы р ы п ЖЕР ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Жер қуқыгының қуқық саласыретінде, гылым саласыретінде және оку пәні ретінде түсінігі.

  2. Жер қуқыгының пәні. Жер қуқық қатынастары: тусінігі, объектісі, субъектісі және түрлері.

  3. Жер қуқыгының әдістері және жуйесі.

  4. Жер қуқыгының қагидалары.

  5. Жер қуқыгының басқа қуқық салаларымен байланысы және ара- қатынасы.

1. Жер құкығының қүқык саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі

Адам коғамыныңбарлықөмірінде, оның қалыптасуы мен да- муында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер — табиғаттын берген сыйы ретінде. адам коғамының пайда болуына дейін болған. Бірақ, жер өзінің еңбектің жалпы заты кызметін аткаруы үшін міндетті түрде оны біреу иемденуі кажет және өндірістік процесін жүзеге асыруы кажет.

Қазіргі кезде жердің экономикалык маныздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам коғамының кез келген шаруашылык кызметінің және өмірінің негізі. Жердің экономикалык касиеті- мен катар, экологиялык маңыздылығында ескеру кажет. Жер — коршаған ортанын ажырамас бөлігі, табиғи ресурс.

Жер - тұтастай алғандағы адамзат үшін кажетті және басты материалдык ресурс болып табыдады. Аталған бұл термин көп кырлы болып табылады және бірнеше мағынада колданылады:



    1. Жер кең магынада алғанда жер шары ретінде түсініледі.

    2. Жер — адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлык- тардан, жер бедерінен, ландшафттардан кұралатын Жер шары- ның кабаты ретінде.

Жер кұкығы аталған талаптардың барлығына жауап береді, сол себептен жеке дербес кұкык саласы болып табылады. Сонымен, жер кұкығының бар екенін дәлелдейтін мынадай белгілері бар:

      1. Жер кұкығы катынастарының калыптасуы және дамуы;

      2. Жер күкык катынастары саласындағы зандардың калыптасуы мен дамуы;

      3. Қалыптаскан жер кұкык катынастарының мемлекет тара- пынан реттеу механизмінің болуы;

      4. Жер кұкығының өзіне тән кағидаларынын болуы.

Казіргі танда жер кұкығын бірнеше мағынада түсінуге бола-

ды. Олар: жер кұкығы кұкык саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оку пәні ретінде.



Куқық саласы ретінде жер қщыгы дегеніміз - жерді пайдалану мен корғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану кұкығына берумен байланысты туындайтын коғамдык катынастарды реттеуғе бағытталған кұкык нормаларының жиынтығы.

Ғылым саласы ретінде жер қщыгы дегеніміз — көптеген ғылыми теориялардын, тұжырымдардын, ой-пікірлердің жөне әртүрлі ғылыми көзкарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың максаты - ғылыми түрғыда жер кұкығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі карай даму жолына болжам жасау. Сонымен бірге, жер катынастарын кұкыктык реттеудегі актандак- тарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы сала- дағы зандардын өзара карама-кайшылыктарын жою болып табылады.

Оку пәні ретінде жер қщыгы - дәрістік және тәжірибелік са- бактардың жиынтығы, яғни, жер кұкығы ғылымының негізгі ережелерінін белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.

2. Жер құқығының пәні. Жер қүкық катынастары: түсінігі, объектісі, субъектісі және түрлері

Жер күкығының пәні дегеніміз - жер кұкык нормаларымен реттелген коғамдык катынастардың жиынтығы, яғни жер күкык катынастары. Жер кодексінің 12-ба- бының 10) тармакшасына сэйкес, жер күкық катынастары дегеніміз - жерге меншік күкығын және өзге де күкыктарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын баскаруға, жекелеген субъек- тілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен корғау жөніндегі катынастар болып табылады.

Жер қүкык катынастарының өзіне тән белгілері:


  • бүл катынастар жерді пайдалану мен корғауды камтамасыз етуге бағытталған;

  • бүл катынастар жерді меншік объектісі, пайдалану объектісі, аумактык кеңістігі және табиғат байлығы ретінде карастырады;

  • бүл катынастар жер күкық нормаларымен катар, озге де күкыксалаларының нормаларымен реттеледі;

  • бүл катынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен катар, жер учаскесінде орналаскан жылжымайтын мүлікті де пай- даланумен байланысты катынастар;

Жер күкык катынастарының да өзге қүкык катынастары си- яқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі және мазмүны бо- лады. Жер күкык катынастарынын объектісі ретінде Казакстан Республикасынын жер коры, жер учаскесі жөне жер үлесі танылады.

Жер коры Казакстан аумағының барлык жерлерінің жиынтығы. Казіргі жер коры нысаналы максатына сәйкес, жеті санат- ка бөлінеді:



    1. ауыл шаруашылығы максатындағы жерлер;

    2. елді мекендердін (калалардың, кенттер мен ауылдык елді мекендердін) жері;

    3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, корғаныс және өзге де ауыл- шаруашылығы максатына арналмаған жерлер;

    4. ерекше корғалатын табиғи аумақтар, сауыктыру максатындағы, рекреациялык және тарихи-мәдени максаттағы жер;

    5. орман корының жері;

    6. су корыныңжері;

    7. босалкыжері;

Казіргі кезде республикада көпжылдык екпелер 121,8 мың гектарды, онын ішінде: бактар — 97,6 мың гектар, жүзімдіктер - 13,7 мың гектар жерді алып жатыр. Жер реформасы жылдары көпжылдық екпелер ауданы 41,4 мың гектарға немесе 25%-ға, оның ішінде есепті жылда - 1,2 мың гектарға кеміді.

Республикада жер реформасын жүргізу мемлекеттік монопо- лиянын жойылуына және жерге жеке меншік кұкығының бірте- бірте таралуына алып келді. Азаматгар мен мемлекеттік емес заң- ды тұлғалардың жеке меншігінде жалпы көлемі 589,9 мың гектар 3 миллионнан астам жер учаскелері бар.

Жер күкығы катынастары субъектілерінің кұкык келемі мы- надай жағдайларға тәуелді болады:



  • субъектінің түріне;

  • субъектінің заңи маңызы бар әрекетіне;

  • аталған жер кұкығы қатынастарының ерекшелігіне;

  • кұкык катынастары субъектісінің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.

Жер кұкығы катынастары субъектілерінің катары, мазмұны және олардың кұкыктарының ара-катынасы елдегі жер саясаты және әлеуметтік-экономикалық кайта кұрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады.

Кеңес одағы кезінде мемлекет жерге меншік кұкығы катынастарының айрыкша жеке субъектісі болғаны бәрімізге аян. Ал, жерге жеке меншік институтын енгізген соң жерге меншік кұкығы катынастарынын субъектілері қатарына жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес занды тұлғалар косылды.

Жалпы, жер күкығы катынастары субъектілерінің барлык күкык түрлері субъективті сипатка ие болуымен катар, субъек- тінің еркіне толыкіәуелді болып табылады.

3. Жер күқыгынын әдістері және жүйесі

Жер катынастарының ерекшеліктері жер құкығында колда- нылатын реттеу әдістерінің мамзүнына жанама түрде байланысты болады. Белгілі әдіс түрін қолдану жер күқық қатынастары- нын қандай салада калыптаскандығын білдіреді. Мәселен, жер қорын мемлекеттік баскарумен байланысты жер күкык катынастарына билік әдісі колданылса. жер учаскесін жалға беру бары- сында шартты әдістер тобы колданылады. Жер күкығының әдістері дегеніміз - жер катынастарын ретгейтін, яғни, жер кұкык. катынастары субъектілеріне эсер ету амалдары мен тәсілдерінін жиынтығы. Жер кұкығының әдістері екі түрге бөлінеді: импера- тивті және диспозитивті.

Жер кұкығынын императивті әдістері — билік пен бағыныш- тылыкка негізделген, міндетті катысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады. Императивті әдістер жер ресурстарын мемлекеттік баскару саласында, мемлекеттік баскару функциясын жүзеге асырудың тәртібін анык- тауда. жер учаскесінің шекті мөлшерін аныктауда, жер учаскесін тек нысаналы максатта пайдалану шектеулерін белгілегенде, т.б. жағдайларда колданылады.

Жер кұкығынын диспозитивті әдістері - жер кұкык катынастары катысушыларынынтеңдігіне, шартеркіндігіне негізделген. Бүл әдістер жерге жеке меншік күкығын жүзеге асыру саласында және жерде дербес шаруашылык жүргізуде колданылады. Яғни, жер кұкык катынастары катысушыларына жер учаскесіне катыс- ты өз бетінше шешім кабылдауға мүмкіндік береді.

Жер кұкығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер кұкык институттарының жиынтығы. Өзге кұкыксалалары сиякты жер күкығының жүйесі келесі бөлімдерден түрады: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы бтш.

Арнайы бөлім шетелдердін жер зандарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің, Казакстан жерін пайдалану мәселелерін, халы- каралык шарттармен реттелетін жерді жалдау катынастарын және жерді халыкаралык корғау және жер катынастары саласындағы халыкаралык ынтымактастык мәселелерін зерттейді.



4. Жер қүқығының кағидалары

Қүқық қағидасы - бүл коғамдағы құкықтың мазмұнын, оның мәнін және мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бір жағынан, олар қүқыктың зандылықтарын көрсетеді, екінші жа- ғынан, құкықтық реттеудің барлык аясында әрекет ететін және барлык субъектілерге тарайтын жалпы нормаларды білдіреді. Бұл нормалар занда тікелей көрсетіледі немесе заңның жалпы мағы- насынан туындайды. Кұкык кағидалары заң шығарушы үшін алға коятын идеялар ретінде бола түрып, күкык нормаларын жетілдіру жолдарын аныктайды. Кағидалардың аркасында кұкык жүйесі адам мен коғамнын маңызды мүдделері мен кажеттіліктеріне бейімделеді. Кұкык кағидалары - кұкыктың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділдік пен бос- тандыктын сара жолын корытындылау аркылы шығарылады. Кұкык кағидалары әділдік, туралык көрсеткіші болғандыктан түрактылығымен ерекшеленеді, олардың ұзак уакыт бойына өзгермейтіндігі кұкыктык нормалардан айырмашылығы болып табылады.

Казакстан Республикасы аумагынын түгастыгы, қол сүгылмау- шылыгы және бөлінбейтіндігі қағидасы. Бұл кағида жер заңда- рында жаңадан орын алған және Казакстан Республикасынын егемендігін камтамасыз ететін маңызды кағидалардыңбірі болып табылады. Қазакстан Республикасынын Жер кодексіне сэйкес, жер учаскесін Казакстан азаматы мен занды тұлғасына, сонымен катар, мемлекетгік емес шегел тұлғаларына жеке меншікке беру мемлекет аумағын бөліп беруді немесе берілген жер учаскесін мемлекеттік баскару шеңберінен шығаруды білдірмейді. Жер учаскесі жеке меншікке берілгенімен мемлекеттік реттеу аясын- да калады. Сол себептен, казіргі нарыктык жағдайда, жер учаскесінің азаматтык айналымньщ еркін объектісі ретінде та- нылып отырған шакта мемлекет егемендігін, аумағының түтас- тығын және бөлінбейтіндігін камтамасыз ету үшін аталған кағида- ны ұстану және басшылыкка алу өте орынды. Казакстан Республикасынын ау мағына жататын жер біртүтас, тек мемлекетке тиісті екендігін білдіреді. Яғни, кандай да бір баска мемлекеттің Республика жеріне кандай да бір талаптары кабылданбайды немесе салуға болмайды деген кағиданы бекітеді.

Жерді табиғи ресурс, Казакстан Республикасы халкының өмірі мен кызметінің негізі ретінде сақтау қағидасы. Бұл кағида бойын- ша жер - адамның өміртіршілігінің, онын әлеуметтік және экономикалык кажегтіліктерін канағаттандыру үшін пайдалануга кажетті табиғи ресурс болып табылады. Осы табиғи ресурстарды корғау мен сактауды жүзеге асырмай әлеуметтік және экономикалык кажеттіктерді іске асыру мүмкін еместігін білдіреді.

Жерді корғау мен үтымды пайдалану қағидасы. Жерді ұтымды пайдалану кағидасының мазмұны жер санаттарының түріне карай әртүрлі болады: ауылшаруашылык максатка арналған жерлерді пайдалану кезінде оларды үтымды пайдалану кағидасы жоғары деңгейдегі сапалы өнім ала отырып, ауылшаруашылык жердін өнімдшгін жүйелі түрде көтеруді көздейді;ауыл шаруашылығы- на арналмаған жерлерде ұтымдылык жер учаскесін үнемдеу мен объектілерді алкаптарда ете пайдалы әдіспен орналастыруда көрінеді; ерекше корғалатын табиғи аумактардың (рекреациялык немесе тарихи-мәдени максаттағы) жері пайдалануда үтымдылык, аталған жерлерді пайдаланудағы арнайы максатын камтамасыз етіп адамдардың демалуын және тарихи-мәдени объектілерді дұрыс сакталуын камтамасыз етуден көрінеді. Бүл кағида жер кұкығынын барлык институттарын камтып өтеді және көптеген жер-кұкык нормаларынан көріністабады.



Ауыл шаруашылығы мақсатындагы жер басымдыгы кағидасы. Бұл кағида Жер кодексінің 4-бабы 6-тармағында қаралған. Соған сәйкес, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мак- саттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алкаптарын алып коюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындары ауыл шаруашылығы алкаптарының көлемі мен олардың сапасын калпына келтіру аркылы ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейін сақтау максатында республикалык бюджет кірісіне өтелуге тиіс.

Жердің жай-күйі колжетімділік ақпаратпен ету қагидасы. Бұл кағиданын мазмұнынан Жер кодексінін 157-бабында жүзеге асы- рылғанын көруімізге болады. Соған сэйкес, мемлекеттік жер кадастры Казакстан Республикасы жерінінтабиғи және шаруашы- лықжағдайы, жер учаскелерінінорналаскан жері, нысаналы пай- даланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалыксипатта- масы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлык кұны туралы мәліметтердін, өзге де кажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастры жер учаскелеріне кұкыкты субектілер туралы ақпарат- ты енгізеді. Ал, Жер кодексінің 158-бабы 5,6-тармағына сэйкес, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен лауазымды адамдар жер кадастр күжаттамасына енгізілетін мәліметтердің дүрыстығын камтамасыз етуге міндетті.

Акылык кағидасының негізінде жерді экономикалык (кұндық) бағалау жатыр. Жер нарык экономикасының бір бөлігі және объектісі десек те болады. Акшалай бағасының болуы жердің кұны мен бағасы (материалдык-техникалық, еңбек) бар өзге ресурстармен катар, өндірістегі рөлін салыстыруға мүмкіндік береді, бағалы жерлерді ауылшаруашылыкган өзге максаттарға ойланбастан беруге жол бермейді, сондай-ақ оларды ұтымсыз пайдаланған жағдайда жер алкаптарына келтірілген залалды накты аныктауға мүмкіндік береді.


5. Жер қүқығынын баска күқық салаларымен байланысы және арақатынасы

Жер кұкығы баска салалармен тығыз байланыста болып, бұл жұйеде ерекше орын алады. Себебі, жер кұкығы жекеленген кешенді кұкык саласы болып табылады.

Кешенді деп - жер кұкығынын кешенді карым-катынастарын реттейтінін білдіреді. Яғни, жер кұкык катынастары біркелкі кұкык катынастарына жатпайды. Бұлардын катарына: мүліктік, саясн, экологиялык, әкімшілік сипаты бар нормалармен реттел- ген катынастар орын алады. Оларды реттеу үшін біркелкі тәсілдер жок. Сондыктан мемлекет керек кезде басымдык көрсетеді, тый- ым сала алады немесе рұксат беріп, тараптардын тепе-тендігін камтамасыз етеді.

Жер қүқығы және азаматтық қүқық. Жер күкығы азаматтык кұкыкпен тығыз байланыста. Себебі, жер табиғи ресурс, коршаған ортаның кұрамдас бөлігі болып табылатындығымен катар, жылжымайтьін мүлік ретінде азаматтық айналымнын объектісі болып табылады. Сол себептен, жер кұкық катынастарын реттеу барысында азаматтык кұкык нормаларынын қолданылатынын жокка шығармаймыз. Дегенмен, жер учаскесі жеке меншікке беріліп, азаматтык айналымнын объектісі ретінде танылганымен, біршама шектеулер қойылады. Жер учаскесімен азаматтык күкыктык мәмілелер жасап, оны шаруашылык айналымға түсірмес бұрын келесі жағдайларды анықтап алу қажет:

• жер учаскелерін, жер пайдалану кұкығын және жер үлестерін жер айналымына енгізу занды түрде камтамасыз етілгені;



  • жер нарыктық катынастарының объектісі ретінде танылып отырған жер учаскесі немесе жер пайдалану кұкығы шаруашы- лык және азаматгык айналымнан алынбағаны;

  • жер зандарымен жеке меншікте болу мүмкіндігі аныкталға-

ны;

  • жер учаскесінің шекаралары айкындалғаны;

  • жер учаскесіне кұкықтарды куәландыратын кұжаттары бар учаскелер болуы кажет.

Жер және орман қүқығы. Жер кұқығы орман кұкығынан реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Орман құкығының нормалары орман катынастарын реттейді. Яғни орманды пайдалану, кайта қалпына келтіру және корғауды жүзеге асыратын қоғамдык каты- настарды кұрайды, ол жер күкығының пәні жер катынастары болып табылады. Сонымен катар, Жер кодексіне сэйкес, жер учаскелері орман өсіру үшін жеке меншікке беріледі және жеке- ше орман корының калыптасуына негіз болады. Яғни, жер күкығы орман өсіру үшін жер учаскесін беру тәртібін карастыратын болса, орман құкығы сол өсірілген орман корын пайдалану, корғау және калпына келтіруді карастыратын кұкыксаласы болып табылады.

Жер және су қүқыгы. Су кұкығы суды пайдалану мен корғауға байланысты коғамдык катынастарды реттейді. Айрыкша мемлекеттік меншік кұкығынын объектісі ретінде сулардыңолар- ға ерекше сипат беретін біркатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, су мемлекеттік меншік кұкығынын тұтынылатын объектісі болып табылады; екіншіден, олар халык шаруашылығының әртүрлі максаггарын жүзеге асыруға кызмет етеді; үшіншіден, судың бір кайнар көзі бір мезгілде әртүрлі мемлекеттік, коғамдык мекеме- лер, ұйымдар және кәсіпорындармен пайдаланылады. Сонымен, су кұкығы тау-кен және орман кұкығы секілді жер кұкығынан күкыктык реттеу пәні бойынша ерекшеленеді.
2-т а қ ы р ы п ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ҚҮҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ

              1. Казақстандагы жер қатынастарының даму кезеңдері. Жалпы сипаттамасы.

              2. Казақстанның Ресей қурамына енгенге дейінгіжер қатынастары.

? Ресейдің қурамында болган кездегі жер қатынастары.

                1. Кеңестік кезеңдегіжер қатынастары. «Жер туралы» декрет. «Жерді социализациялау туралы».

                2. Егеменді Казақстандагы жер қатынастары. Қазақстан Республикасының жер қатынастарының нарық талаптарына сай дамуы.

1. Казақстаіідағы жер катынастарының даму кезендері.

Жалпы сипаттамасы

Жалпы Казакстандағы жер катынастарын реттеу тамыры терентарихи өткен шактан басталады. Адам коғамыныңдамуы кезеніндегі жер ресурстарын пайдалану сипаты белгілі бір аумак- тын табиғи жағдайымен және материалдыкөндірістіңбағытына байланысты болып келген. Жерді шаруашылык пайдалану мен айналымға тарту адам коғамының дамуындағы кұкыктык реттеу жолдарын іздеуге негіз болады.

Жер мәселелері эр кезенде Казакстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің барлығы үшін негізгі мәселеге айналып отырды. Тарихи деректерге сүйенетін болсак, Казакстан аумағын мекен- деген мемлекеттердін негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Соныңсалдарынан жайылым жерлерге мұктаж болған мал өсірушілер шалғай жерлерге көшіп- конып жүруге мәжбүр болды. Коғамдык катынастардың даму сатыларының қай-кайсысын алсакта, жер корларын пайдалану белгілі аумактағы климаттык жағдайларға және материалдык ендірістің бағытына байланысты болады. Казакстанныңтабиғи- климаттык жағдайы материалдык өндіріс жүйесінің негізгі ба- ғыттарының сипатын аныктады. Сондыктан мындаған жылдар бойы Казакстан аумағын мекендеген елдер үшін шаруашылык- тың негізгі саласы - көшпелі мал шаруашылығы болып санала- ды. Мал есіру үшін жайылым жер іздеу негізгі проблемалардың біріне айналып отырды. Сол кезендерде өмір сүрген коғамдар үшін жер катынастарын реттеу жүйесінің табиғи және объективті түрдегі кажеттілігі, жер бөліктерін маусымды түрде пайдалану біздің ойымызша негізгі фактор болып табылады.

Көшпенділер өміріндегі материалдык-өндіріс жүйесінін элементтері олардың еңбектерін біріктіруге әкеліп соктырды. Сонымен катар, ондай біріктірулер өндірістік топтар және кауым- дық кұрылымдар деңгейінде жүргізілді.

Жер — кез келген халык үшін негізгі табиғи байлык көзі бол- ғандыктан, оны пайдалануға байланысты мәселелер ерте кезден бйстап өзекті мәселелерге айналды. Жер кұкык қатынастарының дамуын Казакстаннын Ресей күрамына енгенге дейінгі жер катынастары, Қазакстанның Ресей кұрамындаболған кезеңіндегі жер катынастары, Кеңес кезіндегі жер катынастары және егеменді Казакстандағы жер катынастары деп терт кезеңге бөліп карас- тырылады.

2. Қазақстанның Ресей күрамына енгенге дейінгі жер катынастары

Біріниіікезең - Казак хандығынын калыптасуымен байланысты. Бұл кезеннін ерекшелігі арнайы жер зандарынын жок бо- луында. Бұл кезенде жер катынастары Адат ережелерімен реттеліп огырған. Сонымен катар, Шыңғыс ханнын отаршыла- рынын саясаты орын алды. Казакстанда осы кезенде жер жеке меншікке берілді ме әлде жок па? Бұл жөнінде екі түрлі көзкарас бар. Бірінішісі, жеке меншік болғанын мойындамайды. Бұл кезде жерге жеке меншік коғам меншігі, ал екіншісі, жеке меншік болғанын дұрыс деп карайды.

Казак хандығы тұсындағы меншіктік катынастарға келетін болсак, азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға калдыруға болатын мүліктің барлығы жеке меншік затта- ры болып табылды.

Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады, жер Адат нормалары бойынша кауымның меншігі деп есептелді. Кауым ретінде негізінен рулыкбірлестіктанылды. Казак коғамыныңтарихына коз жүгіртсек, шын мәнінде мұнда жерге меншік болмағандығын, жер пайдалану рулык, кауымдык негізде жүзеге аскандығын кореміз. Сол себептен де, жер казак халкынын бөлінбейтін меншігі саналған. Ендеше, уакыт өте келе халкымыздың жерді о бастан коғамдык меншікте тұракты пайдаланып келгенінедау жок. Ата-баба дәстүрінде жерді сату деген болған емес. Бұл жеріміз иесіз болды деген түсінікті тудырмасы анык. Бағзы замандардан бері бабаларымыз токымдай жер үшін жан беруге дейін барып, үлан-ғайыр аумакты түтас корғап, ұрпактарына мұра етіп кал- дырған. Тарих койнауынан сыр шертетін Касым ханның(1511 — 1520) «Каска жолы», Есім ханнын (1598-1628) «Ескі жолы», Тәу- ке хан тұсындағы (1680-1718) «Жеті жарғы» әдет-ғүрып кұкыктык нормаларында жер жалпы халыктык пайдалану меншігінін объектісі ретінде танылып, коғамдык катынаста туындайтын әрбір жер дауы ел ішінде ерекше мүдделілікпен назарға ілігіп отырды.

Казақстанның Ресей күрамына енгенге дейін жерге белгілі бір ақы төлеу белгілері болған жок, дегенмен, жер айналымын реттеудің үлкен тарихы бар. Ол кезендегі жер айналысының негізгі эсер етуші факторы болып, қазактардың көшпенді өмір сүруі табылды. Казақтардың зандык көзкарастары бойынша жерге жеке меншік күкығы XIX ғасырға дейін болмады. Жер зандық түрғыдан рулар мен кауымдастыктардың ортак меншігі деп есеп- телген. Шын мәнінде жердің нағыз иегерлері болып билер және баска да феодалдар табылды, XVIII ғасырдың өзінде кыстаулар жеке феодалдардың жеке меншігінде болды.


3. Ресейдің күрамында болған кездегі жер катынастары

Екіншікезең. Казакстан Ресей империясына кірген кезден бас- талады. Бүл кезен 1749 жылдан басталады. 20 жыл бойы Ресей империясы казак жерінде отаршылыксаясатын жүргізіп отырып, Үлы және Орта жүздін жерлерін әскери күшпен басып алады.Өз билігін жүргізу үшін казак жерінде Ресей өз өкіметін күрады. Олар генерал губерниялар деп аталады. Жалпы алты генерал гу- берниялар болды. 1861 жылы орыс шаруаларынын крепостное право деген күкығы жойылды. 1886 жылы 2-маусымда «Түркістан өлкесін баскару туралы ереже», 1891 жылы 25-наурызда «Акмо- ла, Семей, Жетісу, Орал облыстарын баскару туралы ереже» кабылданды. Батыс-Сібір генераі-губернаторлығы Дала генерал- губернаторлығы деп өзгеріп, оған Сырдария облысынан баска бес облыстын барлығы түгелдей кірді. Сырдария облысы Түркістан генерал-губернаторлығына карады. Жетісу облысы 1897 жылы кайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының күрамына кірді.

Бүл ережелер әкімшілік-аумактык мәселелерге ғана емес, сонымен катар, әдет-ғүрып кұкығына да біркатар өзгерістер енгізді.

Ең алдымен жерге катысты меншік күкыгы өзгерді. Бүрын жер рулык-тайпалык кауымнын немесе коғамның меншігі болып есеп- телсе, 1868 жылғы «уакытша ереже» бойынша казак жерлерінін барлығы мемлекет меншігі ретінде бекітілді.

Казак жерлері тартып алынып, олар казак әскерлеріне, бекі- ністер салуға, келімсек орыс шаруалары-карашекпенділерге, шетел капиталистеріне, шіркеулерге беріле бастады.

Сонымен катар 1867-1868 жылдардағы Ережелер бойынша жерді жалға беру мүмкіндіктері пайда болды. Осыған байланысты ауылдык, болыстык кауымдар орыс өкілдері болып табыла- тын өнеркәсіпшілерге, көпестерге өздеріне тиесілі жерлерін 30 жылга дейін жалға бере алды. Сонымен катар, казактардын өз араларында да кыстауларды, жайылымдарды жалға беру туралы келісімдер жасалып жатты. Төлемақы ретінде мал пайдаланыл- ды. Ережеде жалға беруші кауым болып саналғанымен, іс жүзінде жалға беру және оның акысын пайдалану болыстар мен стар- шындар, билер колында болды.

Сібір казак әскерлеріне 5 млн. десятина жер берілді. Ендігі жерде әскерилер бұл жерді казактардың өзіне жалға бере баста- ды. Олардың жалға беру акысы жылдан-жылға көтеріліп отырды. XIX ғасырдың сонында Сібір казактарынын жерін 436 мың адам немесе 6736 шаруашылыктар пайдаланды. Олар орыс әскерлерінін жерді жоғары бағамен жалға беру жағдайында өмір сүрді- Орыс шаруаларын жаксы жерлермен камтамасыз ету үшін Ресей Үкіметі көшіп-кону саясатын жүзеге асырды. Казакстан- нын Ресейге косылуы жер катынастарыныңсипатына және оны кұкыктык реттелуіне өз әсерін тигізбей қойған жок.

Біріншіден, барлык жер коры хан-сүлтандық шыңғыс ұрпақ- тарынан Ресей империясының меншігіне өтті. 1868 жылғы «Уакытша ережелердің» 210-бабында айтылғандай: «Қырғыз көшпенділері алып отырған жерлер мемлекеттік деп танылады және кырғыздардың кауымдык пайдалануына беріледі».

Екіншіден, патшалык казактар үшін жер пайдаланудын кауымдык нысанын сақтады, ал, жер катынастары реттеу бұрынғысын- ша, қазактын әдет-ғұрыптық нормалары негізінде жүзеге асырылады.

Үшіншіден, қазакгардың әдетгегі құкығында жеке отбасылар- дың күзеу және қыстауларға, шабындыктарға жеке меншігін та- ныған нормалар пайда болды.

Төртіншіден, жер катынастарын құкыктык реттеу әдеттегі кұкығымен катар, жалпы империялык ресейлік зандармен ретгелді.




Достарыңызбен бөлісу:

12-organizaciya-marketinga-na-predpriyatii-kursovaya-rabota-po-discipline-marketing-na-temu-marketingovaya-deyatelnost.html
12-osnovaniya-dlya-likvidacii-udovletvorenie-trebovanij-kreditorov-15-bankrotstvo-kreditnoj-organizacii-17.html
12-osnovnie-funkcii-i-celi-predpriyatiya-v-usloviyah-rinka-sergeev-i-v-ekonomika-predpriyatiya.html
12-osnovnie-napravleniya-deyatelnosti-geostrategii-shanhajskoj-organizacii-sotrudnichestva-kak-regionalnogo-aktora.html
12-osnovnie-nauchnie-napravleniya-konferencii-strategii-razvitiya-regiona-infrastruktura-ekonomika-innovacii.html
12-osnovnie-polozheniya-ekzistencialistskoj-koncepcii-bitiya-mificheskoe-soznanie-eto-i-sposob-vhozhdeniya-cheloveka.html
  • holiday.bystrickaya.ru/ntv-segodnya-13032008-vinnik-elena-1300-pervij-kanal-novosti-13-03-2008-borisov-dmitrij-18-0014.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabota-s-tekstami-svobodi.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/utverzhden-prezidiumom-verhovnogo-suda-rossijskoj-federacii-30-iyulya-2014-goda-obzor.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razvivayushiesya-strani-i-strani-s-perehodnoj-ekonomikoj-punkt-3-d-predvaritelnoj-povestki-dnya-voprosi-svyazannie.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tehnicheskoe-zadanie-dlya-provedeniya-aukciona-elektronnogo-na-pravo-zaklyucheniya-gosudarstvennogo-kontrakta-stranica-10.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kursovoj-raboti-001.html
  • tests.bystrickaya.ru/kursovaya-rabota-po-discipline-vnutrifirmennoe-planirovanie.html
  • thesis.bystrickaya.ru/problemi-realizacii-ugolovno-pravovih-sankcij-problemi-zashiti-prav-potrebitelej-v-sfere-dolevogo-uchastiya-grazhdan.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/yamalo-neneckogo-avtonomnogo-okruga-postanovlenie.html
  • esse.bystrickaya.ru/razdel-6-individualnij-podohodnij-nalog-kodeks-respubliki-kazahstan.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-5-pavshij-voin-est-novosti-sprosil-tot-chto-bil-vishe-rostom.html
  • literatura.bystrickaya.ru/sportivnaya-deyatelnost-i-sposobnosti.html
  • notebook.bystrickaya.ru/igra-v-biser-izdatelstvo-hudozhestvennaya-literatura-moskva-1969-stranica-31.html
  • gramota.bystrickaya.ru/yanvar-2011-goda-obshie-voprosi-kulturi.html
  • abstract.bystrickaya.ru/224-urovni-turisticheskogo-marketinga-v-usloviyah-konkurencii-uchebnika-dlya-studentov-visshih-uchebnih.html
  • diploma.bystrickaya.ru/zaochne-ta-nakazne-provadzhennya.html
  • textbook.bystrickaya.ru/gradostroitelnij-kodeks-volgogradskoj-oblasti.html
  • literature.bystrickaya.ru/chernecova-tv-celostnij-podhod-k-organizacii-processa-obucheniya-na-predgimnazicheskoj-stupeni-obucheniya.html
  • textbook.bystrickaya.ru/istoki-i-proishozhdenie-ya-i-mirovaya-sreda-pervie-dvigateli-mir-aristokraticheskij-stranica-4.html
  • doklad.bystrickaya.ru/ugolnaya-promishlennost-kuzbassa.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-2-vyacheslav-mironov-ya-bil-na-etoj-vojne-chechnya-95-chast-1.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tehnicheskoe-zadanie-k-proektu-rekonstrukciya-predkotlovogo-gazovogo-oborudovaniya-avtomatiki-bezopasnosti-i-regulirovaniya-2-h-kotlov-kvgm-50-1-2-otvetstvennij-za-proekt.html
  • klass.bystrickaya.ru/assamblei-gosudarstvchlenov-vois-sorok-pervaya-seriya-zasedanij-zheneva-26-sentyabrya-5-oktyabrya-2005-g.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/built-on-politics-essay-research-paper-united.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/postroenie-lokalnoj-vichislitelnoj-seti-podrazdeleniya-organizacii-pod-upravleniem-operacionnoj-sistemi-windows-nt-chast-10.html
  • spur.bystrickaya.ru/laboratoriya-sredstv-svyazi-innovacionnoj-obrazovatelnoj-programmi.html
  • write.bystrickaya.ru/glazev-sergej-yurevich-kniga-posvyashena-sobitiyam-svyazannim-sustanovleniem-sotrudnichestva-nauchnogo-soobshestva.html
  • grade.bystrickaya.ru/obespecheniya-tehnicheskimi-sredstvami-ekspertnogo-podrazdeleniya.html
  • tests.bystrickaya.ru/lokativnost-kak-periferijnoe-sredstvo-virazheniya-temporalnih-otnoshenij-v-sovremennom-nemeckom-yazike.html
  • esse.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-uchebnoj-disciplini-relejnaya-zashita-i-avtomatizaciya-elektroenergeticheskih-sistem-cikl.html
  • bukva.bystrickaya.ru/stroenie-atoma-est-li-predel-tablici-mendeleeva-chast-4.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-specialnosti-080301-65-kommerciya-torgovoe-delo-ryazan.html
  • writing.bystrickaya.ru/bichi-golovi.html
  • studies.bystrickaya.ru/arenda-osnovnih-sredstv-v-ukraine-na-primere-predpriyatiya-chast-12.html
  • literatura.bystrickaya.ru/smisl-sovremennih-posmertnih-opitov-po-blagosloveniyu-mitropolita-sankt-peterburgskogo-i-ladozhskogo-ioanna.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.