.RU

2 1-Тарау. Менеджмент ғылымын қалыптастыру және дамыту

бет1/3Дата28.03.2017өлшемі0.85 Mb. 1 2 3
Мазмұны.
Кіріспе.............................................................................................................2
1-Тарау. Менеджмент ғылымын қалыптастыру және дамыту..................
1.1.Қазақстанда менеджмент теориясы мен тәжірибесінің даму тарихы.
1.2.Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері...................................
1.3.Әлемнің дамыған елдерінде менеджмент ғылымының ерекшеліктері.
2.Тарау. Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдастыру...................
2.1. Тауарларды өндіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру.............
2.2. Кәсіпорынның қызметкерлерін басқару..................................................
2.3. Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру....................................

Ќорытынды..........................................................................................................

Пайдаланѓан єдебиеттер.....................................................................................

Кіріспе.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді.

Диплом жұмысының мақсаты -өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б

Қазіргі менеджментке қатысты көтеріліп отырған мәселелер ауқымы алуан түрлілігімен және көп қырлылығымен ерекшеленеді. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескеретін менеджмент әдісі бізде толық зерттелмей келеді. Сондықтан осы бағыттағы ізденістерді экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен бері қарай бірнеше жыл бойы жүргізіп келеміз. [9,3-бет]

Қазақстан баспаларынан шыққан менеджмент жағдайындағы әдебиеттер туралы атап өтпеу орынсыз болар еді. Олар –Ахметов К.Ғ., Ә.Ә. Әбдірешев, Бердалиев К.Б., Жұмаев Ж.Ж., Кәренов Р,С., Мамыров Н.К., Өмірзақов С.Ы., Ювица Н.В. және т.б. Бұл ғалымдардардың әрқайсысы қазіргі менеджменттің жекелеген аспектілерін зерттеді.

Диплом жұмысының бірінші бөлімде менеджмент, оның мән - мазмұны туралы негізгі түсініктер, менеджмент жүйесінің қағидалары, сондай-ақ бұл ғылымның қалыптасу процестері мен менеджментке дамыған елдердегі қазіргі көзқарастар, онда менеджменттің мақсаты, оны жоспарлаудың, ұйымдастырудың, бақылаудың негізгі қызметтері қарастырылады. сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеу технологиясы, оны қабылдау және жүзеге асыру тәсілдері қарастырылған.

Екінші бөлім Кәсіпорындарда менеджментті тиімді ұйымдас-тыру,тауарларды өндіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру,кәсіпорынның қызметкерлерін басқару және кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру.қызметкерлерді басқару бөлімде еңбек әрекетіне байланысты мотивация, топқа, сондай-ақ жеке адамдарға басшылық ету сипаты, өзара қарым-қатынас пен дау –жанжал проблемаларын, сондай-ақ басшылық стилін, еңбекті басқарудың мәдениеті мен этикасын қарастыру секілді түйінді мәселелер қамтылған. Бұл бөлімде менеджменті ақпарат және техника құралдарымен қамтамасыз ету шарттары да қарастырылған.

Диплом жұмысы барысында келтірілген текстер, кестелер, графиктер ұйым өміріндегі әр түрлі құбылыстарды, шешім қабылдау логикасын, еңбек мотивациясын, топты және жеке адамдарды басқаруды яғни оларға басшылық жүргізуді және т.б. дұрыс түсінуге, ұғынуға мүмкіндік береді деп ойлаймын..



Диплом жұмысының маңыздылығы әлемдік және отандық ғылымның қазіргі және бұрынғы жетістіктері, қазіргі заманғы ғалымдардың менеджмент саласындағы теориялық еңбектері, менеджмент саласындағы Қазақстандық кәсіпорындардың отандық жұмыс тәжірибелерін ескерген, соның ішінде Ресей мен Қазақстан ғалымдарының еңбектері негізге алынған.

Мен, менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.

Тіпті, білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардің бірі Ф.Тейлордың пірінше, менеджмент-ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі. [9,6-бет]

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртышылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.



І-Бөлім. Менеджмент ғылымын қалыптастыру және дамыту.

    1. Қазақстанда менеджмент теориясы мен тәжірибесінің даму тарихы.

Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңі басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны “тейлоризм” деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер “нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әлі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын” зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. [9.7-бет]

Классик үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик , Джеймс Муни, А.К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибебені жинақтау негізінде мынадай қортындыға келді: “басқару-кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатта жетелеу”. Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігінше алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-шы жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880-1949) болды. Осы ілім формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868 – 1993), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп “басқару ғылыми немесе сандық ықпал” мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х.Райфа.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол “ситуациялық әдіс” деп аталды. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдайымен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

Басқару теориясының “классикалық мектебі” мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы.

Бихевиористік (міне-құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдайымен байланысты.

“Басқару ғылыми” мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, “қырғи-қабақ соғыс” өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

“Ситуациялық тәсіл” мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғарғы технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндің ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың –американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. [9,9-бет]

Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылардың бірі Әбу- Насыр Әл-Фараби(870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидың ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тауке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1982-1766) болды. “Жеті жарғы” деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. “Жеті жарғы” - бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақстардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. “Жеті жарғыға” сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс-құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идиеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.

ХVІІІ ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның территориялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711-1781) маңызды роль атқарды. Өзінің онжылдық басқару кезеңінде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

ХІХ ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартушы Ш.Уәлиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақстардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш.Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырып, басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш.Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы.Алтынсарин (1841-1889) мен А.Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты. [9,13,-бет.]

ХХ ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді. Олар: Ә. Жангелдин, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқаев, Л. Мирзоян, О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С. Меңдешев, Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І. Жансүгіров және т.б. Торғай облысында - Ә. Бөкейханов, Жетісуда- М.Тынышпаев, Түркістанда –М. Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуіктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.

Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарауға болады. Алғашқы қазақ инженер-менеджері, өндірісті ұйымдастырушысы Қ.И. Сәтпаев (1889-1964) болды. Ол бірінші кеншілердің еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелерін, жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның тау-кен байыту комбинаттарындағы еңбек процестерімен байланысты сұрақтарын шешті. Оның басқару стиліне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелінетін нақтылы материалдарды терең ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын. Бұл жерде нағыз білгірдің әдеттен тыс басқару ойы көрінеді.

Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А. Қонаев (1912-1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д.А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезеңде республика бұрынғы КСРО- ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Мұнда елдегі түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өндірудің үлкен потенциалы болды.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік –бұйрықтық әдістерін ауыстырады. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: “Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық өсуіне қамқорлық көрсетеді”.

Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері салаларындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді.

а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек:

ә) өзін үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;

б) “мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?” деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек.

г) лауазымға істі кәсіби түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.

Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менеджментті қолдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджментті қоғамдық мәнділігі біздің ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Мемлекетте дүние жүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.

Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор К.ғ. Ахметовтың “Менеджмент негіздері” (1993ж) кітабы болып есептелінеді. Біздің пікірімізше, ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Біздің отандастарымыздың арасынан “Менеджмент негіздері” (1994ж), “Қазақстан экономикасын басқару негіздері” (2001ж) жұмыстарының авторы К.Б. Бердалиевті де атауға болады. Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндады.

Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық ғалым Каренов Р.С зерттеді. Одан басқа “Өндірістік менеджмент” (1996ж), “Инновациялық менеджмент” (1997ж) атты еңбектерінде нарықтық экономикасы жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өндірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә. Әбдірешевтің “Кәсіпорынның өндірістік менеджменті” (2001ж) кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конъюнктура жағдайында қаржы менеджмерінің ролі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджментінің мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда.

Осылайша қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.


Менеджменттің ғылым ретіндегі құрылымы.

Басқару ісі

Басқару ісі





Басқару экономикасы



Социология және басқару психологиясы

Басқарудағы ұйымдастыру




Биресми басқару



Ғылыми басқару

Ресми басқару



Басқару өнері




Менеджмент ғылым ретінде







Басқару жүйесі



Басқару механизмі

Басқару процесі

Басқаруды жіктеу



Басқаруды интеграциялау






Басқарудың дамуы





1.2.Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға “менеджер”, “менеджмент” ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда “басқа біреу арқылы өз мақсатына жету” болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

“Менеджмент” ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “Манус”, яғни “қол, күш” деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

а) адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

ә) билік және басқару өнері;

б) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

в) басқару органы, әкімшілік бөлігі

“Менеджмент негіздері” курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегі анықтама берілген.

“Менеджмент –бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі”

Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады. [5,5-бет.]

Беларусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент-бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Ф.М.Русинов пен М.Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі түсіндіреді.

Э.А. Уткин “Курс менеджмент” еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді: Менеджмент –бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принуиптері мен қызметтерін ерекше түрі.

А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасын қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент –бұл әрі өнер, әрі ғылым.

Менеджмент –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д.Д. жетекшілік еткен ғалымдар тобы “Основы менеджмента” деген кітапта береді.

Менеджмент саласындағы маман Веснин В.Р. басқару және менеджмент деген түсініктерді ажыратпайды. Менеджмент (мекеме, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар мен олардың жекелеген бөлімшелеріне) жетекшілік жасамау.

Біздің ойымызша, бір анықтама екінші бір анықтаманы дамытады, өйткені олардың бәрінен тән ортақ нәрсе - менеджмент –бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесі. Терминологиялық пікір талаптар мен 50-ден астам менеджмент анықтамасының интерпетанциясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипаты мен анықтама бермеген О.С. Виханский мен А.И. наумов дұрыс жасаған. [9,317 - бет]



Басқарудың жалпы және нақты қызметтері
Менеджменттің жалпы қызметтері


Жоспарлау – бұл басқару процесінің бір кезеңі.Бұл кезеңде іс қызметтің мақсаты,оған қажетті қаражат,басқада заттар сонымен бірге нақты жағдайдағы ең тиімді әдіс тәсілдерт жасалынады.




Ұйымдастыру – бұл ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі,сонымен бірге оның бір қалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету






Мотивация – бұл іс әрекет,қызмет,оның мақсаты ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру,оларда тиімді еңбекке,мақсатқа жетуге деген ынта тудыру.





Бақылау – бұл басқару қызметі,оның негізгі мақсаты жұмыс,еңбек нәтижесінің сапасы,сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу.



Біз, менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.

Тіпті, білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардің бірі Ф.Тейлордың пірінше, менеджмент-ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі.

П. Друкердің түсіндіруінше, жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұығымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар бастығы іскерлік әлемге “Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде аламыз”. Олар былай деп жазды: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерде топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметті алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді және айқындалады.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады: [9,16-бет]

1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петорсонмен Плоуменнің пікірінше оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызмекткерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда қызметкерлер тобының іс әрекетінің ұйымдастырып оларға басшылық ету қажет.

5. Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджментті арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалармен ой пікірлер ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай атап көрсетеді: Менеджменттегі мұндай өзгешіліктерін көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрсада, бұлардың барлығы адамның мінез құлқы туралы “негізге алынатын түсініктерге” сүйенеді.

Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізі) қолдану.

Көрнекті америка экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: “Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы”.

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысы фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастырумен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Вольфганг Хайер өзінің “Еуропада бизнес қалай жасалады” кітабында былай деп жазды: “Менеджмент – бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы”. Егер Батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы-бұл басшылық.

Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.

Жеке кәсіпорынның, өзінің құқықтық нышандарына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртышылықтың қажет өтеу, немесе нарық арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешілігі, олар өзінің шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделеді.

“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылданған кез келген әрекет, кез келген шешім-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

Менеджменттегі басты нәрсе –кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою (“алдына мақсат қойған менеджмент”) Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығы менеджерлердің түбегейлі өзгешілігі де осында. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны- қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестіктеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

Кәсіпорын –ең алдымен адамдар. Осындан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент –бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру

Кәсіпорындардағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық катипалдрынан алуға болады.

Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртышылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Сонымен, менеджменттің екі ұғымы бар:

Біріншіден, менеджмент-бұл басқару, басшылық ету органы

Екіншіден, менеджмент –бұл адамдарды басқару(әрекеті)

Менеджментті зерттей отырып, оның атқаратын қызметтерін және әдістерін игеру қажет.

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:


  • кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

  • ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау

  • басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;

  • алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Менеджмент әдістері- бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедуралар-ының жүйесі. [9,19-бет]

Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер қолданылып, олар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын қолданылатын шешімдердің сапасын арттырады.

Біріншіден, ойын теориясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, имитациялық модельдендіру тәсілі. Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады. Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын моделдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, “бұтақты ағаш тәрізді шешімдер” тәсіл қолданылады.

Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.

Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолданады.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі; өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б.

Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді:


  • менеджменттің жоғары деңгей (топ management) кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын және жұмыс жоспарын анықтайды.

Жоғарғы деңгейді әдетте “жалпы” менеджмент деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған;

  • менеджменттің орташа (midle management) деңгейі кәсіпорынның

функционалды қызметін басқаруға арналған. Сондықтан да ол “функционалды” менеджмент деп аталады. Функционалды менеджмент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты.

  • Менеджменттің төменгі деңгейіне (lover management) алғашқы

буындағы жетекшілерді жатқызады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орындалуын, өнім өндіру графигі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі менеджмент олардың дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғысын ескере отырып құралады. Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:

4-ierarhicheskij-sintez-prioritetov-privesti-primer-algoritma-vichisleniya-globalnogo-vektora-prioritetov.html
4-ikonopisnie-tradicii-zauralya-i-yugo-zapadnoj-sibiri-uistokov-sibirskoj-ikonopisi.html
4-individualizm-v-sovremennom-yazikovedenii-vilgelm-vundt-problemi-psihologii-narodov.html
4-informacionnij-aspekt-izmereniya-klassifikaciya-fizicheskih-velichin-4.html
4-informacionno-analiticheskij-obzor-obrashenij-grazhdan-postupivshih-v-tulskuyu-oblastnuyu-dumu-za-9-mesyacev-2010-goda.html
4-informacionno-metodicheskie-materiali-uchebnaya-programma-rabochij-variant-po-kursu-bazi-dannih.html
  • university.bystrickaya.ru/geologicheskij-institut.html
  • lesson.bystrickaya.ru/politiko-territorialnoe-i-administrativnoe-ustrojstvo-respubliki-belarus.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-gse-f-06-ekonomika-kod-i-nazvanie-disciplini-po-uchebnomu-planu-specialnosti-stranica-3.html
  • education.bystrickaya.ru/23-teoriya-aktivirovannogo-kompleksa-reshenie-vrassmatrivaemoj-sisteme-protekayut-dve-reakcii.html
  • universitet.bystrickaya.ru/uchebnij-plan-povisheniya-kvalifikacii-pedagogicheskih-rabotnikov-po-napravleniyu-upravlenie-kachestvom-obrazovaniya.html
  • thescience.bystrickaya.ru/informaciya-dlya-uchitelya-tabachnij-tuman-obmana-urok-8.html
  • education.bystrickaya.ru/2-vozniknovenie-dinamicheskoj-psihiatrii-stranica-8.html
  • college.bystrickaya.ru/10-dvojnaya-spiral-francuzskij-pisatel-zhak-berzhe-v-svoej-knige-proslezhivaet-dramaticheskuyu-sudbu-ryada-udivitelnih.html
  • essay.bystrickaya.ru/chast-xii-porcha-kancelyarskaya-oruzhie-slovo-kniga-prednaznachena-dlya-specialistov-v-oblasti-prakticheskoj-psihologii.html
  • write.bystrickaya.ru/gorodskoj-ekologicheskij-karnaval-otdel-po-rabote-so-sredstvami-massovoj-informacii.html
  • thescience.bystrickaya.ru/internet-resursi-grizlov-b-v-monitoring-smi-29-sentyabrya-1-oktyabrya-2007-g.html
  • literature.bystrickaya.ru/chast-ii-novoe-nachalo-ikona-stiv-dzhobs-dzheffri-s-yang-vilyam-l-sajmon.html
  • lecture.bystrickaya.ru/6-rezultati-vipolneniya-zadanij-pervoj-chasti-raboti-tipichnie-oshibki.html
  • nauka.bystrickaya.ru/velikij-knyaz-rostislav-kievskij-i-smolenskij-rasskaziorusskihsvyati-h.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/analiz-klientskoj-bazi-prinosit-polzu-crm.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/predislovie-kurs-ispolzovanie-prirodnih-resursov-i-ohrana-prirodi.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/3uchastie-v-realizacii-fpro-i-nac-proekte-obrazovanie-otchet-o-deyatelnosti-kemerovskogo-oblastnogo-centra-nit.html
  • lecture.bystrickaya.ru/6-chan-buddizm-dzen-buddizm-buddizm-proishodit-ot-slova-budda-chto-znachit-probuzhdennij-imenno-takoj-titul.html
  • institut.bystrickaya.ru/tablica-5-raspredelenie-otvetov-na-vopros-o-glavnih-problemah-zhizni-.html
  • writing.bystrickaya.ru/glava-shestaya-dzyudo-zadachi-kodokan-dzyudo-tehnika-i-metodi-zanyatij-dzyudo-v-nastoyashee-vremya-glava-sedmaya-karate-do.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-8-evropa-perehod-k-novomu-vremeni-oglavlenie.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kostromich-roman-silagazde-stal-chempionom-rossii-po-universalnomu-boyu.html
  • essay.bystrickaya.ru/effektivnoe-upravlenie-personalom-v-organizaciyah.html
  • uchit.bystrickaya.ru/stanca-vii-tajnaya-doktrina.html
  • turn.bystrickaya.ru/podgotovka-programmi-sociologicheskogo-issledovaniya-sociologicheskie-i-marketingovie-issledovaniya.html
  • notebook.bystrickaya.ru/gosudarstvennij-reestr-vserossijskih-loterej-chast-i.html
  • reading.bystrickaya.ru/konkursa-kubanskie-tovari-i-uslugi.html
  • essay.bystrickaya.ru/belta-beltaby-22092011-shetkina-ogranichenie-pensii-v-period-raboti-mera-neobhodimaya.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/laboratornij-praktikum-po-buhgalterskomu-uchetu-2.html
  • literature.bystrickaya.ru/d-rassmotrenie-pervih-chastej-zayavok-na-uchastie-v-otkritom-aukcione-v-elektronnoj-forme.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/priglashaem-prinyat-uchastie-v-moskovskom-mezhdunarodnom-forume-kardiologov.html
  • composition.bystrickaya.ru/osnovnie-vivodi-uchebnoe-posobie-dlya-studentov-visshih-uchebnih-zavedenij.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/s-a-majzel-evrei-v-rimskoj-imperii-stranica-8.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-14-dzhudit-maknot.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-gse-f-01-inostrannij-yazik-francuzskij-kod-i-nazvanie-disciplini-po-uchebnomu-planu-specialnosti-stranica-17.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.